Философия және саясаттану факультеті Ақрамова Әлия Смағұлқызын елеулі ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Әлия Смағұлқызы «Білім беру» бағыты бойынша 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз алынған авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).
Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/503.html
Бұл – жоғары ғылыми кәсібиліктің, қажырлы еңбектің және отандық ғылымның дамуына қосқан зор үлесінің жарқын дәлелі.
Құрметті Әлия Смағұлқызы! Сізге зор денсаулық, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және халықаралық деңгейдегі биік белестер тілейміз!
ылым жолындағы жетістіктеріңіз еселене берсін!