ылым-ел мақтанышы — ҚазҰУ

91ý

ылым-ел мақтанышы

1 шілде 2026
ылым-ел мақтанышы

Философия және саясаттану факультеті Шабденова Айжан Базарханқызын елеулі ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

Айжан Базарханқызы «Әлеуметтану ғылымдары» бағыты бойынша 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз алынған авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).

Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/504.html

Бұл – жоғары ғылыми кәсібиліктің, қажырлы еңбектің және отандық ғылымның дамуына қосқан зор үлесінің жарқын дәлелі.

Құрметті Айжан Базарханқызы! Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, тың ғылыми идеялар мен табысты зерттеулер, кәсіби қызметіңізде толайым жетістіктер тілейміз! ылыми еңбектеріңіз халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, алар асуларыңыз арта берсін!