ҚазҰУ Баспасөз қызметі жоғары марапаттарға ие болды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ Баспасөз қызметі жоғары марапаттарға ие болды

1 шілде 2026
ҚазҰУ Баспасөз қызметі жоғары марапаттарға ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Ақпарат және коммуникация департаментінің қызметкерлері кәсіби шеберлігі, зор жауапкершілігі және университеттің ақпараттық жұмысын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндірудегі, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізудегі белсенділігі, мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіруге және жаңа бастамаларды іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Мәдина Жуасбекқызы мен «Qazaq universiteti» газеті басқармасының басшысы Гүлнәр Тәжиева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 

Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулет тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі және тілді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеуге, ғылыми жетістіктерді кеңінен насихаттауға және жоғары білім жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ қоғамды шынайы әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз еткені  үшін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен «Farabi Media» телестудиясы басқармасының басшысы Назерке Серікбаева және «Farabi University» сайты басқармасының басшысы Шерхан Әбше, «Qazaq universiteti» газеті редакциясының бас сарапшысы Еңлік Ақжігіт марапатталды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі университет имиджін нығайтуға, отандық ғылым мен жоғары білімнің жетістіктерін ілгерілетуге, сондай-ақ қоғаммен ашық әрі жедел диалогты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі