Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық жарыста жеңіске жетті!
2026 жылғы Almaty Tech Cup XIII халықаралық технофестивалі аясында өткен RoboCup Rescue (робот-иттер) жарысында және Central Asia University Robotics Championship (CAUR) чемпионатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың екі командасы І және ІІІ орындарды иеленді. 🥇🥉
🥇 І орын – Huibo Robotics
* Срайылұлы Мейір
* Түзелбек Нұрдәулет Маратұлы
* Сәрсенбай Дулат
🥉 ІІІ орын – Farabi Robotics
* Тәуекел Абдулла Мұратұлы
* Жұмағали Нұртас Есенұлы
* Тұмарбай Ақжол Асылбекұлы
Менторлар:
* PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы
* Жаңаберген Дамир
Бұл жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-мақсаты – «Сапалы білім», 9-мақсаты – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және 17-мақсаты – «Мақсаттар үшін серіктестік» бағыттарын жүзеге асыруға қосылған маңызды үлес болып табылады.
Жеңімпаздарымызды және менторларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен халықаралық аренада толағай жеңістер тілейміз!



Автор: PhD Ахметова Б.И.