V Халықаралық Фараби форумының материалдар жинағы жарық көрді — ҚазҰУ

91ý

V Халықаралық Фараби форумының материалдар жинағы жарық көрді

2 шілде 2026
V Халықаралық Фараби форумының материалдар жинағы жарық көрді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 9-10 сәуір аралығында өткен V Халықаралық Фараби форумы аясындағы «Әл-Фараби мұрасы және жаһандық өркениет: философия, ғылым, руханият тоғысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы ресми түрде жарық көрді.

Аталған жинаққа отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың, философтар мен зерттеушілердің ұлы ойшыл Әл-Фарабидің бай мұрасын, оның қазіргі заманғы ғылым мен рухани құндылықтардың дамуына қосқан үлесін саралайтын құнды ғылыми еңбектері енген. Форум материалдары жаһандану дәуіріндегі философия, ғылым және руханияттың өзара байланысын жаңа қырынан ашуға бағытталған.

Жинақ ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге және адамзаттың рухани мұрасына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.