«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік — ҚазҰУ

91ý

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік

30 мамыр 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік

2026 жылғы 30 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасы “Гидрология” БББ студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түрген өзенінің алабын тазарту жұмыстарына қатысты.

Сенбілік барысында студенттер өзен жағалауы мен арнасын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл шара жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және су ресурстарын сақтаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды.

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаны таза сақтауға және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.