ҚазҰУ ғалымдары ұлттық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Алматыда «Ұлттық қауіпсіздік теориясы: заманауи парадигмалар мен даму перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды ғылыми форумның ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы. Іс-шара жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетекші ғалымдары мен басшыларынан құралған делегация қатысты.
Конференцияда университеттің атынан з.ғ.д., профессор Е.Э. Дүйсенов, заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Уалихан Ахатов, Ғ.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Арон Сәлімгерей, заң ғылымдарының докторы, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Алуа Ибраева, сондай-ақ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Үсейінова қатысты.

Пікірталас барысында сарапшылар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін кеңінен талқылады. Ерекше назар ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуінің конституциялық-құқықтық негіздеріне, қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне және жаһандық құқықтық жаңару жағдайындағы Қазақстанның конституциялық даму векторларына аударылды. Университет ғалымдары заңнаманы модернизациялаудың теориялық аспектілері туралы өз көзқарастарымен бөлісіп, мемлекет тұрақтылығын нығайту бойынша практикалық ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара барысында Арон Салимгерей мен Алуа Ибраева «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясына 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент
Басқа жаңалықтар