ҚазҰУ докторанты Пәкістан грантын жеңіп алды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ докторанты Пәкістан грантын жеңіп алды

8 шілде 2026
ҚазҰУ докторанты Пәкістан грантын жеңіп алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің докторанты Назерке Жарбосынова Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар министрлігі ұйымдастырған Overseas Pakistanis Summer Scholars Programme 2026 (URAAN Pakistan) халықаралық бағдарламасына қатысып жатыр.

Аталған жоба URAAN Pakistan 2035 ұлттық даму стратегиясы аясында қолға алынған. Биылғы маусымға әлемнің 54 елінен және дүниежүзінің 150 жетекші университетінен үміткерлер бақ сынады. Солардың ішінен 45 шетелдік пәкістандық жас ғалым және халықаралық зерттеуші ретінде Қазақстан, Бангладеш пен Индонезиядан тек үш маман іріктеліп алынды. Алдағы алты апта ішінде қатысушылар мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, ұлттық даму жоспарлау және инновациялар саласында тәжірибе жинақтап, Пәкістанның даму стратегиясына өз үлестерін қосады.

Бағдарламаның ашылу рәсімінде федералдық жоспарлау, даму және арнайы бастамалар министрі Ахсан Иқбал жастардың білімін, көшбасшылық қабілетін және инновациялық әлеуетін дамыту елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы қазіргі таңда Пәкістанның интеллектуалдық тарихын, қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы мен эволюциясын зерттеуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарламаға қатысу оның диссертациялық зерттеуіне тікелей қатысты практикалық тәжірибе мен жаңа ғылыми деректер алуға, мемлекеттік басқару жүйесінің қызметімен танысуға және жетекші сарапшылармен ғылыми байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі