Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Конституцияның жаңа құндылықтарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Конституцияның жаңа құндылықтарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

3 шілде 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Конституцияның жаңа құндылықтарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2026 жылғы 2 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ылыми кітапханасында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: жаңа құндылықтар, сын-қатерлер, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ауқымды ғылыми жиынға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысып, еліміздің конституциялық дамуының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының қоғам өміріндегі маңызын ғылыми тұрғыдан зерделеу, жаңа конституциялық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мемлекетті нығайту жолындағы өзекті мәселелерді талқылау және халықаралық тәжірибе алмасу болды.

Пленарлық мәжілісте барлығы 12 ғылыми баяндама ұсынылып, қатысушылар конституциялық реформалардың құқықтық, саяси және әлеуметтік қырларына қатысты өз ғылыми тұжырымдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Баяндамаларда Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, азаматтық қоғам институттарын дамыту және жастардың құқықтық санасын арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Конференция жұмысына Өзбекстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары онлайн форматта қатысып, екі елдің конституциялық даму тәжірибесі, құқықтық реформалар және халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Шетелдік ғалымдардың қатысуы конференцияның халықаралық деңгейін арттырып, ғылыми пікір алмасуға тың серпін берді.

Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның жаңа қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі, жаһандану жағдайындағы құқықтық сын-қатерлер, заң үстемдігін қамтамасыз ету және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Сонымен қатар ғылым мен білімнің, академиялық қауымдастықтың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы орны ерекше екені атап өтілді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту, халықаралық әріптестікті нығайту және конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар қабылдады.

Аталған халықаралық ғылыми-практикалық конференция құқықтық ғылымды дамытуға, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге және Конституцияның қоғамдағы маңызын терең түсіндіруге ықпал еткен маңызды ғылыми алаң болды.

 

Деканның әлеуметтік – тәрбие жөніндегі орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович