- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Әзербайжанда өткен халықаралық конференцияда ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстырды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Әзербайжанда өткен халықаралық конференцияда ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстырды
2026 жылғы 8–9 шілде күндері Әзербайжан Республикасының Гәнжа қаласындағы Әзербайжан технологиялық университетінде «NESIREDDIN TUSI 2nd International Engineering and Applied Sciences Conference» атты II Халықаралық инженерлік және қолданбалы ғылымдар конференциясы өтті. Аталған халықаралық ғылыми іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Нигерия, Индонезия және басқа да елдерден ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілер қатысты.
Халықаралық конференция жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Ерлан Досжанов, сондай-ақ аталған кафедраның докторанттары Арман Жұмажанов пен Эльнур Арифзаде қатысты.

Конференция аясында қатысушылар экология, химия, материалтану, биотехнология, өсімдік тектес шикізатты қайта өңдеу, функционалдық материалдарды әзірлеу және экологиялық әрі ауыл шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған заманауи технологиялар бойынша ғылыми баяндамаларын ұсынды. Зерттеу нәтижелері конференция қатысушыларының қызығушылығын тудырып, ғылыми пікірталасқа негіз болды.
Конференция барысында инженерлік және қолданбалы ғылымдар, экология, химия, материалтану және тұрақты даму салаларындағы заманауи ғылыми жетістіктерге арналған мазмұнды пікірталастар өтті. Ұсынылған баяндамалар шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуға және алдағы ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде табысты таныстырғанын растайтын халықаралық сертификаттармен марапатталды.
.jpeg)
Аталған халықаралық ғылыми конференцияға қатысу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыстарын кеңейтуге, қазақстандық ғылыми зерттеулердің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мен халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдар дайындауға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етті.