Пәкістан Ислам Республикасы делегациясы «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасына келді — ҚазҰУ

91ý

Пәкістан Ислам Республикасы делегациясы «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасына келді

21 шілде 2026
Пәкістан Ислам Республикасы делегациясы «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасына келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасына Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік министрі бастаған ресми делегация келді.

Сапар барысында қонақтар Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасының қызметімен, заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен және Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық технологиялар, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, жасанды интеллект және экологиялық мониторинг салаларындағы негізгі ғылыми бағыттарымен танысты.

Сондай-ақ делегацияға зертхананың негізгі қызмет бағыттары, заманауи ғылыми әзірлемелері, жабдықтары, Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық талдау және экологиялық мониторинг технологиялары таныстырылды. Делегация зертхананың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен және жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобаларымен де танысты.