Ішкі Моңғолия университеті (ҚХР) делегациясы Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты — ҚазҰУ

91ý

Ішкі Моңғолия университеті (ҚХР) делегациясы Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты

23 шілде 2026
Ішкі Моңғолия университеті (ҚХР) делегациясы Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты

2026 жылдың 23 шілдесінде Ішкі Моңғолия университетінің (ҚХР) академиялық жұмыс жөніндегіпроректоры, Өмір туралы ғылымдар институтының директоры, профессор Ху Вэй бастаған делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану»  зертханасымен танысты.

Зертхананың бас ғылыми қызметкері Бисенбаева Сәнім Бегімқызы, кездесу барысында қонақтарды зертхананың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ұшқышсыз авиациялық технологиялар және кеңістіктік деректерді өңдеу салаларындағы заманауи ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологиялар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, делегация зертхананың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, заманауи құрал-жабдықтарымен, сондай-ақ экологиялық мониторинг, қоршаған орта жағдайын талдау, картографиялау және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған ғылыми жобалармен танысты.

Профессор Ху Вэй әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасымен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты.