Болашақ мамандарды адамгершілікке тәрбиелеу – өзекті мәселе — ҚазҰУ

91ý

Болашақ мамандарды адамгершілікке тәрбиелеу – өзекті мәселе

30 шілде 2026
Болашақ мамандарды адамгершілікке тәрбиелеу – өзекті мәселе

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім мен біліктілік қана емес, адамгершілік қасиет те қоғам дамуының басты өлшеміне айналып отыр. Жоғары оқу орында­рын­да даярланып жатқан болашақ мамандар – елдің ертеңі, мемле­кет­тің интеллектуалдық және рухани тірегі. Сон­дықтан оларды кәсіби тұрғыда ғана емес, адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу – уақыт талабы.

Демек, біздің мақсатымыз – өмірдің ақ-қарасын танып, бағытын айқындай бастаған жас ұрпаққа дұрыс бағдар беру. Олардың бойына адамға тән асыл қасиеттерді – адам­гер­шілік, отансүйгіштік, елге адал қызмет ету сезімін сіңіру қоғам алдындағы жауапты іс. Жастардың өз елінің нағыз патриоты болып қалыптасуы тек біліммен емес, рухани тәрбие арқылы жүзеге асады. Адам баласының мұраты да, биікке ұмтылысы да, ең алдымен, оның адамгершілік болмысымен өлшенеді. Рухани құндылықтарды бойына сіңір­ген тұлға ғана өз мақсатына адал жолмен жетіп, қоғамға пайдасын тигізе алады. Қазіргі кезеңде қоғамды ізгілендірудің басты шарты – адамды ең жоғары құндылық ретінде тану. Құндылық ұғымы – адамдық қасиеттің өлшемі. Ол – жақ­сы­лыққа ұмтылу, өзгеге жанашыр болу, айналасына қамқорлық таныту, өмірді жақсартуға талпыну. Әр азаматтың қоғамдағы орны оның рухани байлығы, адам­гершілік деңгейімен ай­­қын­далады. Сондықтан өск­е­лең ұрпақты тәрбиелеуде ру­хани-адамгершілік қағи­да­ларды негіз ету – ел болашағын нық­тайтын маңызды қадам.

Адам өмірі – сан қырлы, сан салалы күрделі әлем. Әрбір жанның тағдыры, қуанышы мен қайғысы, арманы мен үміті бар. Осындай өмір жолында бір-біріне демеу болу, реніш пен мұңды бөлісе білу – нағыз тәр­биелі, саналы, адамгершілігі жоғары тұлғаның айқын белгісі. Қайғыға ортақтасу, қуанышқа бірге шаттану – қоғамдағы өзара сыйластық пен бірліктің негізі. Адамның мәдениеті мен тәрбиесі, ең алдымен, оның күнделікті қарым-қатынасынан көрінеді. Жастардың үлкен­дер­­ге сәлем беруі, жол көрсетуі, құрдас-достарын құттықтауы, көршінің игі ісін бағалап, ма­дақтауы – осының бәрі қара­пайым көрінгенімен, терең мағынаға ие ізгі әрекеттер. Осындай әдеп нормалары қо­ғам­дағы өзара құрметті қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарды нығайтады. Демек, адам бойындағы биік қасиеттер ұсақ-түйек деп қарауға болмайтын күнделікті әдеттерден бастау алады. Тәртіп пен тағылым, ізет пен ілтипат – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші.

Атақты И.Гете «Ең алдымен өзіңді-өзің тәрбиеле, содан кейін ғана басқалардан үй­­ре­ну­ге болады» дейді. Осы­ған орай, ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факуль­те­тінде студенттерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдасты­ры­лып келеді. Бұл шаралардың мақсаты – студенттерді бір-бі­рімен достық қатынас орнатуға, түрлі жағдайлармен бетпе-бет келу және сол арқылы жаңа бі­лім мен тәжірибе алуға үй­­ре­ту. Дегенмен осындай іс-шараларға қызығушылық та­­ныт­пайтын, қатысуды қала­май­тын студенттер тобы да бар. Көп жағдайда бұл – қа­лалық емес жерден шыққан немесе әлеу­мет­тік жағдайы күрделі ортадан келген жастар. Мұндай жағдай ұйымдас­ты­рушыларға жаңа тәсілдер іздеуге, әр студентке жеке на­зар аударуға мүмкіндік бе­реді және фа­куль­теттегі тәр­биелік жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Қазіргі таңда факультетте «Айналаңды нұрландыр!», «100 кітап», «Дені саудың – жаны сау», «Green Kampus» сияқты жо­ба­лар бойынша іс-шаралар тұ­рақ­ты түрде өткізіліп, кура­тор­лық сағаттар, тәрбиелік сабақтар, жарыстар мен конкурстар арқылы студенттердің ой-өрісін дамытуға мән бе­­рі­луде.

Куратор-эдвайзерлер сту­денттердің әр топтарымен тиім­ді жұмыс істей білуі керек. Адам тәртібі екі негізгі түрге бөлінеді: сөздік және нақтылы. Сөздік тәртіп – бұл өз ойымызды білдіру, пікірімізді айту, дәлел келтіру. Дегенмен кейде ашу­ланған кезде, шаршаған сәтте немесе көп адам жи­налған ор­тада біз айтқан сөзімізге онша мән бермейміз. Алайда әрбір сөз – тек қана ойдан шық­қан тіркес емес, ол іс-әрекетіміз бен қимылымыздан кем түс­пей­тін әсерге ие. Сөз арқылы жеткізген ой, ұстаным немесе эмоция – адамның адамгер­ші­лік деңгейін, тәртібін көрсететін маңызды көрсеткіш. Сондықтан кураторлар студенттерге тек қана әрекет арқылы емес, сөз арқылы да үлгі көрсетіп, оларға ой мен іс-әрекетті үйлестіре білуді үйретуі қажет. Әр сөздің салмағы мен әсерін түсіну – жауап­кершілікті қалып­тас­ты­ру­дағы маңызды қадам.

Студенттік кезең – адам өмі­­ріндегі ең жауапты әрі ше­­шу­ші шақтардың бірі. Университет қабырғасында студент тек таңдаған мамандығын меңгеріп қана қоймай, тұлға ретінде қалыптасады, өмірлік ұстаны­мын айқындап, болашақ жолын таңдайды. Бұл орта – білім мен тәрбиенің, ізденіс пен жаңа­шыл­дықтың тоғысқан ке­­ңіс­тігі. 

Біздің университет ұста­ным­­­дарының бірі – студент­тер­­ді ғылымға ерте бастан баулу. Осы мақсатта көптеген білім алушылар 2-3 курстан бастап факультет жанындағы ғылыми-зерттеу зертханаларында жұ­мыс істеп, нақты жо­­ба­ларға қа­тысады. Олар тә­­жірибе жа­сап, ғылыми ма­­қалалар жа­­зып, конферен­ция­ларға қа­­ты­­су ар­қылы зерттеу мә­де­ниетін меңгереді. Бұл жас маманның кәсіби деңгейін арттырумен қатар, жауапкер­ші­лігін де күшейтетін маңызды тәжі­ри­б­е.

Ақерке СЕРБАЕВА, 

Молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы