Бірінші проректор лауазымына конкурс жарияланады — ҚазҰУ

91ý

Бірінші проректор лауазымына конкурс жарияланады

12 тамыз 2026
Бірінші проректор лауазымына конкурс жарияланады

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі КеАҚ «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыда қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту мен әзірлемелерді коммерцияландыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор лауазымына кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:

  1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

  2. білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;

  3. ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы.

Конкурсқа осы Тәртіпте көзделген талаптарға сай келетін барлық тілек білдірушілер, оның ішінде шетелдік азаматтар да қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қағаз және электрондық тасымалдағыштарда келесі құжаттар ұсынылады:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3×4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері (түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынумен): 

– Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі (халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген құжаттарды, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) күшіне жататын құжаттарды қоспағанда);

 – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі; 

– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық келісімшарттың (келісімнің) күшіне жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) жұмыс орнындағы (қазіргі немесе соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада №21579 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес №075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды), құжаттарды ұсынған күннен бастап, алты айдан аспаған мерзімде берілген;

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспаған мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспаған мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес, лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

10) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының бар екенін растайтын құжаттар (Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор, ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін).

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүргізген, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда конкурстың қызмет алушы-қатысушылары 7, 8 және 9-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

  1. жиырма бес жастан кіші;

  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған;

  3. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

  4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға ұсыну қажет: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Ректорат ғимараты, 13-09 кабинет, телефон: +7 701-801-86-88.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

ӨТІНІШ&Բ;

ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ