Университетаралық «Крим-Экс» олимпиадасы өтеді — ҚазҰУ

91ý

Университетаралық «Крим-Экс» олимпиадасы өтеді

13 сәуір 2017
Университетаралық «Крим-Экс» олимпиадасы өтеді

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетініңқылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасыуниверситетаралық«Крим-Экс» атты криминалистика мен сот сараптамасының үздік білгірлерінің олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты:Білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу, дарынды студенттердің білімдерін шыңдауға мүмкіндік беру, оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік дағдыларының қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; шығармашылық қабілетін ашу, ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиада қазақ тілінде өткізіледі.

Олимпиада бес кезеңнен тұрады:

I кезең – таныстыру

II кезең – криминалистік техниканың салаларына қатысты сұрақ қою.

III кезең – материалдық іздермен жұмыс жасау үшін тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсету (трасологиялық, баллистикалық және басқа да іздерді табу, бекіту және алу. Командалық және жеке дара есептеу).

IV кезең – негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің процессуалдық талаптарын білу деңгейін, тергеу әрекеттерін ұйымдастырудың тактикалық әдістері туралы білімдерді, негізгі тергеу әрекеттерін жүргізудің жұмыс және қорытынды кезеңдеріндегі әдістерді көрсету.

IV кезең – сот сараптамасының теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеру бойынша сайыс.

Олимпиада төмендегі пәндер бойынша өтеді:

  • Криминалистика
  • Сот сараптамасы

Өтетін уақыты және орны: басталуы сағ. 9.00, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ГУК №3, 413 ауд.