Экономика және бизнес жоғары мектебінде факультет ылыми кеңесінің отырысы өтті
Экономика және бизнес жоғары мектебінде факультет ылыми кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы оқу жылына арналған басым міндеттер айқындалды.
Отырыс барысында факультеттің, кафедралардың және профессор-оқытушылар құрамының индикативтік көрсеткіштерді орындау нәтижелері қарастырылып, қол жеткізілген жетістіктерге талдау жасалды және одан әрі дамудың негізгі бағыттары белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамы мен кафедралардың рейтингтік көрсеткіштерін арттыру, Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ғылыми басылымдарда және халықаралық дерекқорларға енгізілген журналдарда жарияланымдар санын көбейту, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс аясында Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген «Хабаршы. Экономика сериясы» журналы редакциялық алқасының шешімімен факультеттің бірқатар оқытушылары ғылыми мақалаларды сапалы рецензиялауға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор М.К. Ибраимовтың қолы қойылған Алғыс хаттармен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, ғылыми ізденістеріне табыс, кәсіби қызметтеріне толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!