Ардагерлерге құрмет көрсетілді — ҚазҰУ

91ý

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

5 мамыр 2017
Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚазҰУ-да Ұлы Отан соғысына қатысушылар, еңбек майданы ардагерлері мен Ақсақалдар кеңесі мүшелеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара ізгі ниет пен жылы лебізге толы өтті. Шара барысында ардагерлер мен қонақтардың құрметіне жақсы сөздер айтылды, ыстық ықылас-ниетін білдіргендер көп. Сондай-ақ, студенттік көркемөнерпаздар ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырып, меймандардың мерейін еселей түсті.

Жиын соңында ардагерлер естелік суретке түсіп, оларға сый-сияпат тарту етілді.Өз кезегінде олар ҚазҰУ ұжымына алғыс білдіріп, жайдары тарасты.

Баспасөз қызметі