Салауатты өмір салты — ҚазҰУ

91ý

Салауатты өмір салты

23 мамыр 2017
Салауатты өмір салты

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы салауатты өмір салты Орталығымен бірлесе отырып «Еуропалық саламатты өмір және физикалық белсенділік стандарттары» Халықаралық конференция жұмысына қатысты. Бұл шараны Литваның спорттық университеті өткізді. Конференцияның жұмыс барысында еуропа елдерінің денсаулық және фитнес үлгілері, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Шараның аясында шеберлік-класс және дене жаттықтырулары бойынша тәжірибелік тренингтері өткізілді.

Баспасөз қызметі