- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2010 жылдың 20-22 қазанында «Қазақстандағы Германия жылы – 2010» шеңберінде «ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ» атты Ортаазиялық конгресс өтеді
2010 жылдың 20-22 қазанында «Қазақстандағы Германия жылы – 2010» шеңберінде «ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ» атты Ортаазиялық конгресс өтеді
Кең көлемдегі жне көп жоспарлы іс-шара — халықаралық білім беру конгресі алғаш рет Орталық Азияда өткізілмекші жне бұл Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттерінің білім беру жүйелері үдерісі мен білім беру бағдарламаларының жаһандану жағдайына бейімделуге бағытталған.
Білім беру конгресі Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2007 жылы қабылданған маңызды бағыттарының бірін, яғни, білім беру саласын жүзеге асырады.
Білім беру конгресі Қазақстан Республикасының 2008 жылы қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне сәйкес өтеді.
Білім беру конгресі білім беру жүйесінің дамуындағы ОА леуеті мен мүмкіндіктерін көрсетеді, демек Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Бағдарламасында белгіленгендей адами капиталдың мүмкіндіктерін айқындайды. Білім беру конгресі ЕҚЫҰ-ның «үшінші қоржыны» міндеті мен ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдерін жүзеге асырады.
Білім беру конгресі барысында Орталық Азия, Еуропадан келген ғалымдар мен сарапшылар жоғарғы жне орта білім беру жүйесінің түрлі аспектілерін қарастырады. Олар өз мемлекеттерінде соңғы 20 жыл ішінде жүргізілген білім беру реформалары нтижелері мен уақыт қойып отырған қазіргі талаптарды талқылайды.
Конгресте Орталық Азия мен Еуропада Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру жобалары, ЕО-тың Орталық Азия үшін жаңа білім беру Стратегиясы көрсетіледі. Неміс тілін оқыту мысалы негізінде шет тілдерді дамытуға ерекше назар аударылады жне СІМ мселелері, халықаралық журналистика, жалпы тарих салаларында мамандар дайындау мселелері қозғалады. Конгресте л-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына ұштастырған Қазақстандағы «аймақтану» жне «халықаралық қатынастар» мамандықтарын дамыту құрылымы мен қалыптасу тжірибесі талқыланбақшы.
Конгресс шеңберінде 2010 жылдың 20 қазанында Қазақстанның неміс тілі мұғалімдерінің 12-і ұлттық съезі өтпек.
Конгресс мдени бағдарламамен жалғасады: қазақстандық «Тұран» музыкалық ансамблінің концерті болады. Конгреске қатысушылар алдында Адельберт фон Шамиссо германдық сыйлығының (жыл сайынғы Шамиссо сыйлығы 1985 жылдан бастап неміс тілінде жазатын шет ел дебиетшілеріне беріледі) 2009 жылғы иегері Цвета Софрониева өзінің шығармашылығын оқиды.
Конгрестің Ұйымдастырушылары мен бастамашылары: Гете атындағы институт (Қазақстан), Гете атындағы институт (Өзбекстан) жне л-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Ортаазиялық білім беру конгресі л-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде өтеді.
«Даму барысындағы білім» атты конгрестің идеясы мен концепциясы Германия білім Министрлігі жне ҚР-дың білім жне ғылым Министрлігінің, ГФР мен ҚР сыртқы істер Министрліктерінің қолдауына ие болды.
Конгресстің мақсаты:
- · Орталық Азия, ЕО, Швейцария, Германиядан келетін сарапшылар мен педогогтармен, ғалымдармен жоғарғы жне орта білім саласындағы мәселелі сұрақтарды талқылау;
- · Қазақстан, ОА, Қиыр Шығыстағы білім беру мекемелері, ЖОО жетістіктері мен тәжірибелер алмасу;
- · ОА жне ГФР сарапшыларының қатысуымен білім беру Стратегиясын жасап шығару жне білім беру жүйесі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылау;
Қатысушылар (200 адамнан астам): ғалымдар, оқытушылар, жоғарғы жне орта мектеп мамандары, білім беру саласындағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Белорусь, Ресей, Германия, Швейцария, ЕО жне басқа мемлекеттердің сарапшылары.
Конгресс жұмысы алты секцияда өтеді:
№ 1 «Даму барысындағы білім»
№ 2 « Мектептердегі даму үдерісі»
№ 3 «Университеттердегі даму үдерісі»
№ 4 л-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 15-жылдығына арналған «Сыртқы лем жне білім беру интеграциясы»
№ 5 «Өмір ағымындағы оқу»
№ 6 « ЕҚ – Орталық Азиядағы жобалар»
Өткізілу орны: халықаралық қатынастар факультеті (НАТО Орталығы; Американдық Ресурс орталығы; Европалық ақпарат орталығы; 508 ауд.; компьютерлік залдар; оқу залы /пресса/); химия факультеті (пленарлы отырыстар «Малахит залы») жне журналистика факультеті.
Кең көлемдегі ақпарат алу үшін :
Ақпарат: л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті:
Тел.: 007/727/3922262 /-65/; /59/ (ішкі. 13-33, 13-34; 13-36)
Сұрақтар бойынша::
проф. Губайдуллина Мара Шаукатовқызы (ХҚФ): 13-34; 13-36
доц. Алипбаев Амангелді Рахметолдаұлы (ХҚФ): 13-36
т.ғ.к.. Нурдавлетова Сания Морякқызы (ХҚФ): 13-36
Ақпарат: Гёте атындағы институт (Алматы)
Goethe-Institut Almaty
Dshandosowa 2
050040 Almaty, Kasachstan
Тел.: 007/727/3922259 / -63 / -65/;
Fax +7-727-39222 72
Сұрақтар бойынша:
Сюзанне Беккер, Тіл бөлімінің бастығы
susanne.becker@almaty.goethe.org
Aнне Мельник, Педагогтық ынтымақтастық бөлімінің референті
Ақпарат:
Гете атындағы институт сайтынан өзекті бағдарламамен таныса аласыздар: