"Qazaqstan" телеарнасына экскурсия
«Өмір жолы таңдауларға толы. Жалпы үлкен өмірге қадам басқан сттен-ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді. Өмірдегі ең үлкен шешімдердің бірі-мамандық таңдау. Мен 2-сыныптан бастап журналист болуды армандап, өмірлік ұстанымыма айналдырдым. Журналистиканы таңдауымның бірнеше себептері бар. 2013 жылы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Шетелдегі қазақ балалары" атты жаңа жобаны көпшілік қауымға ұсынған болатын. Көрерменге жол тартқан күннен бастап бұл бағдарлама менің ең сүйікті бағдарламаларымның біріне айналды. Сонымен қатар, мен осы жобаның тілшісі Жанар Байсемізоваға қарап таңдандым. Дл бүгін срсенбінің стті күнінде бала күнде арман еткен "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының табалдырығынан аттадым. Аппақ арманымның таза көрінісі, нағыз келбеті көз алдымда жүріп жатты. Тарихи ғимараттың қабырғасын жағалай жүрген л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалынды, дарынды, білікті де білгір, ой-санасы ұшқыр, бсекеге қабілетті 1 курс студенттерінің жүздерінен тек қана бақытты, шаттықты көрдім. Мұндай атмосфераға еніп кеткен мен де аң-таңмын. Тарихтың шексіз мейіріміне бөленген зулім ғимарат есігінің алтын тұтқасын ұстаған сттен бастап өткеннің дара өткелінің, тағылымы мен тарихы бөлек дуірдің аңқыған жұпар иісі сезіле бастады. Сол мезеттегі жас өреннің ,журналистикаға "Алға, тек қана алға!" деген ұранмен шарықтап келген жастардың жай-күйін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Журналистикаға деген адал махаббатымыздың сызығы одан рі өсе бастады. Туелсіз еліміздің даңқты, белгілі тұлғаларының біріне айналған, көрермен қауымының көзайымы болған "Тау тұлға», Келбет», «Жарқын бейне» атты жобалардың продюсері, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Асылбекова Жанылхан ханым жаңа өмірге кеше ғана қадам басқан жастарды құшақ жая қарсы алып, журналистиканың қыр-сыры, қызығы мен шыжығы жайлы көптеген мағлұматтармен бөлісіп, студенттермен еркін, ашық тілдесті. Асылбекова Жаңыл ханымның бізге:"Болашақта бізбен бірге жұмыс жасағыларыңыз келе ме?" деген сауалына түгеліміз "и" деп жарыса жауап бердік. Шындығында, бұл күн- біздің жадымызда жарқын іздермен жарқырап қалатын естеліктерге толы айрықша күн.
Бала жүрегіммен аңсаған мамандығымда, өзім қалаған Ұлттық университетте білім алып, бүгінгі ақпарат ғасырындағы ең үздік Ұлттық телеарнамен танысқаным үшін өзімді бақытты ұрпақ ретінде санаймын.Келешектің арайлы таңы мен сулелі күнін Қазақстан Ұлттық телеарнасының қара шаңырағында өткіземін деп үміттенемін»,- деп, 1 курс студенті Шалқарова Айдана тәжірибе жайлы ойымен бөлісті.