Жаңа оқу жылына дайындық — ҚазҰУ

91ý

Жаңа оқу жылына дайындық

20 қыркүйек 2019
Жаңа оқу жылына дайындық
Шығыстану факультетінде 16.09.2019ж. күні «Силлабус бойынша пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды университетіміздің әдістемелік жұмыс қызметінің жетекшісі Жақыпова Гүлнәзияханымның өзі жүргізді. 
Семинарға факультетіміздің барлық оқытушы мен профессор құрамы толық қатысты. Семинарда оқытушылар әдіскер мамандардан тәлім алып, өз біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылындағы пәндер бойынша дайындалатын силлабустар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау барысында бетпе-бет келетін қиындықтар бойынша жан-жақты пікірталастар негізінде талқылаулар болды.