Жаздық жапон тілі мектебі — ҚазҰУ

91ý

Жаздық жапон тілі мектебі

26 қыркүйек 2019
Жаздық жапон тілі мектебі

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 27 мамырдан бастап мектеп оқушыларына және студенттерге арналған жаздық жапон тілі мектебі өз жұмысын бастады.

Қатысушыларға жапон тілінде жазу , бастапқы деңгейдегі сөйлеу үйретіледі. Сонымен қатар, жапон мәдениетімен таныстыру сабақтары ( оригами,каллиграфия, тамақ дайындау, жапон ұлттық киімдерін кию, жапон тілінде аниме, мангамен танысу) өткізіледі. Курс соңында өткен тақырыптар бойынша емтихан өткізіліп, соның нәтижесі бойынша сертификат беріледі.