"МЕН ПОЛИГЛОТПЫН!" АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН
2019 жылдың 13-ші қыркүйектесағат 12.00 №546-шы аудиторияда Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының оқытушылары тарапынан жыл сайын өтетін «Тіл мерекесіне» орай -курс арасында "Мен ПОЛИГЛОТПЫН!"атты интеллектуалдық ойын 1 өтті.
Студенттеріміздің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің білім деңгейін тексерумен қатар бір-бірімен жақындастырып таныстыру болған ойынымыздың мақсаты іске асты.
Ойын үш бөлімнен тұрды. Әр бөлім қатысушылардың үш тілде дайындығы тексеріліп, ақпаратты тез қабылдап, топта жұмыс істеу дағдылары бақылауға алынады.
1 бөлім:Лексикалық қордыанықтауға арналған ойын өткізу. Бұл бөлімде студенттер алдын ала дайындалған күнделікті қолданылған сөздердің, жеміс-жидек атауларын, табиғат құбылыстарының атауларын 3 тілде айту керек.
2-бөлім: «2019 - Абай жылының» тойлауына орай, әр топтың студенттері Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен үзіндісін немесе өлеңін 3 тілде айтып мәнерлеп оқуы тиіс.
3-бөлім: студенттердіңмақал-мәтел, фразеологизм мен метафорлардыүш тілде табу ойыны. Студенттерге алдын ала берілген тапсырманы топпен бірге аяқтау тиіс.
Ойынның нәтижесінде студенттерге арнайы 1,2,3 орын марапатталды.
Кеш аяғында Түрксой кафедрасының оқу әдістемесі жөніндегі орынбасарыМонтанай Э. ханым іс-шараны ұйымдастырушыларғаКайранбаева Н., Балаходжаева А. оқытушыларға алғысын білдіріп, студенттерге болашақта осындай шараларға ат салысатынына сенім білдіретінін айтты.


Түрксой кафедрасының оқытушысы Кайранбаева Н.