«Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы (Кот-д-Азур университетінің мысалында)» атты семинар — ҚазҰУ

91ý

«Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы (Кот-д-Азур университетінің мысалында)» атты семинар

12 қараша 2019
«Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы (Кот-д-Азур университетінің мысалында)» атты семинар

Кот-д-Азур университеті (Франция) Технологиялар институтының директоры, Ректордың бизнес-ортамен байланыс жөніндегі кеңесшісі профессор Жан-Кристоф Буас (Jean-Christophe Boisse) Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамына Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында семинар өткізді. Семинардың тақырыбы – «Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы». Профессор Буас Кот-д-Азур университетінің мысалында жұмыс берушілермен, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, әріптестік жұмыс істеудің әдістері мен тәжірибелерімен бөлісті.