«Көмек» қоғамдық қорының студенттері — ҚазҰУ

91ý

«Көмек» қоғамдық қорының студенттері

19 қараша 2019
«Көмек» қоғамдық қорының студенттері

ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «Көмек» қоғамдық қорының белсенді студенттері «Салиқалы ұрпақ» пансионатында ерікті түрде қайырымдылық шарасын өткізді. Ата-ананың мейіріміне зәру бүлдіршіндерге көңіл бөліп, кішкене болса да көңілдерін аулап мейірім шапағатын сыйлады. Ұйымдастырушылар осындай шараны тұрақты түрде ұйымдастырып тұруды әдетке айналдырған.