Білім беру жәрмеңкесі -2019 — ҚазҰУ

91ý

Білім беру жәрмеңкесі -2019

29 қараша 2019
Білім беру жәрмеңкесі -2019

2019 жылы 12 қарашада Алматы қаласы РФММ-да Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен " Білім жәрмеңкесі -2019" білім көрмесі өтті.

            Іс-шараның басты мақсаты жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарына Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы толық және нақты ақпарат беру, мектеп бітірушілерге болашақтағы мамандығын таңдауға көмектесу.

Іс-шараға Қазақстанның 10-нан астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Солардың ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының оқытушылары Жумашева Ж. және Болысбек Д. те болды. Олар университетке түсуге қатысты сұрақтар бойынша кеңес берді. Көрмеге келген оқушылар мен ата-аналарға кафедраның "Механика", "Ғарыштық техника және технологиялар", "Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламалары, факультет және университет туралы презентациялар, ақпараттық брошюралар және буклеттер түрінде ақпарат ұсынылды.

Іс-шара 2019-2020 оқу жылындағы түлектер үшін өте пайдалы болды.

Сілтемелер

Инстаграм

ВК

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.