Әл-Фараби жылы ҚазҰУ-дан бастау алды — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби жылы ҚазҰУ-дан бастау алды

29 қаңтар 2020
Әл-Фараби жылы ҚазҰУ-дан бастау алды

ҚазҰУ-дыңСтуденттер сарайында Әбу Насыр л-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылу рсімі болды. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жне университеттің құрметті қонақтары қатысты.

Мерекелік шара «Әл-Фараби орталығының» салтанатты тұсаукесері мен дебиет жне мдениет саласының қайраткерлеріне Елбасының мемлекеттік спипендиясын тапсырудан басталып, университеттің бас алаңындағы л-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ұласты.

Студенттер сарайындағы мерекелік ресми салтанатты Қырымбек Көшербаев ашты.

Салтанатты шараны аша отырып Қырымбек Көшербаев Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу арқылы шетелде жне біздің елде ұлы ғұлама мұраларын зерттеп, олардың қазіргі өркениеттің дамуындағы ықпалын терең түсінуге серпін беретіндігін тілге тиек етті.

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар, Шығыстың ұлы ойшылының мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесінеенгенін жне ИСЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ жне т.б. ұйымдардың қолдауымен халықаралық мдени алаңда кеңінен аталатындығын айтты.

«Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі л-Фараби есімімен аталады», – деп атап өтті өз сөзінде ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тжікстан жне Өзбекстан бойынша кластерлік бюросының директоры Ms. Krista Pikkat. – Университет өз қызметінде танымдық мселелерге назар аударып, адамның мүмкіндіктерін ашу мен қабілеттерін дамытуға ұмтылады. Университет ұжымы жне студенттерін осы мерекемен құттықтағым келеді, сіздерге толағай табыс тілеймін!

«Ұлы философ-ғалым Әбу Насыр л-Фарабидің туғанына 1150 жыл толу мерейтойының лемде оныңесімімен аталатын бірден-бір университеттен басталғандығы – біздер үшін зор қуаныш, үлкен мртебе дейді - ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов. «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму жөніндегі жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ ғұламаның қайырымды қоғам туралы ілімінің негізінде Университет – 4.0 жаңа легінің моделін дайындап, өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-птерінде, ал биыл Ислам Ынтымақтастығы Ұйымында ұсындық. Жаңа жоба халықаралық ауқымда қолдау табуда. Осылайша, Әл-Фарабидің мерейтойы Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына жаңа серпін береді».

Әл-Фараби мерейтойы аясында Парижде, Нұр-сұлтан қаласында жне Түркістан облысында, ЮНЕСКО-ның штаб-птерінде ғылыми симпозиумдар өткізу жоспарланған. Оған лемнің 40-тан астам елінің алдыңғы қатарлы Фарабитанушы-ғалымы қатысады, халықаралық экспедициялар ұйымдастырылады, тарихи мдени нысандар қайта жаңартылып, ғалымның ғылыми еңбектері басылып, көшірілетін болады, сондай-ақ деректі фильмдер циклі жасалып, шет елдерде л-Фараби орталықтары ашылып жне басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Әл-Фарабидің мерейтойлық жылының ашылуында БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ жне басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет жне қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ басшылары, белгілі шетелдік жне отандық ғалымдармен қатар, отандық жне шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.