Central Asian Freshwater Fishes - IUCN Red List Review Workshop — ҚазҰУ

91ý

Central Asian Freshwater Fishes - IUCN Red List Review Workshop

11 наурыз 2020
Central Asian Freshwater Fishes - IUCN Red List Review Workshop

2-4 наурыз 2020 жылы л-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология жне биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік жне биоресурстар кафедрасында Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN), түрлерді сақтау бойынша комиссиясы (SSC), тұщысу балықтарын сақтау бойынша мамандардың (FFSG) жне TOYOTA корпорациясының қаржылық көмегінің қолдауымен Орталық Азия аборигенді балық түрлерінің алуантүрлілігін сақтау мәселелері бойынша халықаралық семинар (workshop) өткізілді.

Негізгі баяндамаларды қауымдастырылған профессор Н.Ш.Мамилов (ҚазҰУ), профессор Jörg Freyhof (Лейбниц атындағы жаратылыстану тарихы жне систематикасы институты, Берлин университеті, Германия), профессор Nina Bogutskaya (Жаратылыстану тарихы музейі, Вена, Австрия), Б.К. Каримов (Су мәселелері институты, Өзбекстан Республикасы) жасады.

Конференцияның жұмыстарына Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы қаласы), Зоология институты ҚР БжҒМ өкілдері жне л-Фараби атындағы ҚазҰУ биология жне биотехнология факультетінің докторанттары мен студенттері қатысты. Семинар кезінде аборигенді ихтиофаунаның алуантүрлілігін сақтаудың өзекті проблемалары талқыланды жне ғаламдық деңгейде жекеленген балық түрлерінің жағдайына баға берілді.

Семинар аяқталғаннан кейін 5-6 наурыз 2020 жылы шақырылған шетел профессорлары мамандар мен ҚазҰУ «Балық шаруашылығы жне өнеркәсіптік балық аулау» мамандығында оқитын студенттерге дәрістер оқып, мастер кластар жүргізді.

Биоалуантүрлілік жне биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz