Ұстаз еңбегі жарық көрді — ҚазҰУ

91ý

Ұстаз еңбегі жарық көрді

13 сәуір 2020
Ұстаз еңбегі  жарық көрді

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетініңпрофессоры Қабылғазина Клараның«әл Фараби» баспасынан «Тіршілік» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді.Ол өткен жылы Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» депаталатын ашықфестивальда«шағын проза»номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленгенболатын. Бұл шараға Европа, Азия мемлекеттерінен жазушылар, ақындар, суретшілер қатысты. Оған осы халықаралық марапаттыЛондондық аудармашы, жазушы SIMON тапсырған еді.

Батыстық журналистика теоретигі Никола Гок « журналистер – олар жазушылар» деген пікір қалдырған болатын. Ұстаздың бұл еңбегі«шәкірттерге тек теориялық білім ғана емес, тәжірибелік те үлгі көрсету барлық ұстаздар қауымы үшін қажетті тәлімдердің бірі» деген қағидатқа лайық іс бола алады.