Спорт жарысы – апта сайын — KazNU

91ý

Спорт жарысы – апта сайын

17 February 2011
Спорт жарысы – апта сайын

Ақпан айынының 13-ші жұлдызында ҚазҰУ қалашығының директоры А. Сейтжановтың ұйымдастыруымен жатақханалық ерлер арасында волейболдан жарыс өткізілді. 14 команда қатысқан бұл ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Сонымен қатар, студенттердің демалыс күнде бір мезгіл сергуіне ықпалын тигізді. Жеңіс бар жерде жеңіліс бар дегендей, I орын – № 14 жатақхана механика-математика және физика, II орын - № 8 жатақхана тарих, III орынды - № 4 жатақхана география факультеті иеленді. Әдеттегідей, А. Сейтжанов жүлделі командаларға арнайы алғыс хаттармен қоса ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналған кәде сый, кітаптар және футболкалар тарту етті. Демалыс сайын өткізілетін осындай шараны ұйымдастырушы ағайымызға студенттер ризалығын білдірді. Алдағы демалыста жатақханалар қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілмек.

Қатысушыларға тексәттілік тілейміз!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі