«Әл-Фараби мұрасы» — ҚазҰУ

91ý

«Әл-Фараби мұрасы»

8 мамыр 2020
«Әл-Фараби мұрасы»

2020 жылдың 14 мамырында әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Әл-Фараби мұрасы" атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде Әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады.

Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден фарабитану саласындағы мамандар қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы:

а) панельдік пікірталасқа баяндамамен қашықтықтан қатысу;

б) баяндамасыз қатысу.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Әл-Фараби трактаттары: Философиялық мәтін аудару мәселелері және мәдениетаралық коммуникация мәселелері.

2. «Әл Мәдина әл Фадиладан» Смарт ситиге дейін: кемел қоғамның қазіргі заманғы түсіндірмесі.

3. Қазіргі қазақ фарабитануының өзекті мәселелері.

Ескерту: конференция ZOOM платформасында өтеді.

Идентификатор: 401 818 0037

Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 10 мамырына дейін қатысушының толтырылған өтінімін және баяндама мәтінін al-farabi@kaznu.kz

электронды поштасына жіберу қажет.

Баяндама мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар: машинкамен терілген мәтіннің көлемі 4-6 бет. Times New Roman шрифті, кегль – 14; жоларалық интервал – 1; ені бойынша теңестіру; абзацтық шегініс – 1.

Баяндаманың атауы беттің ортасында қалың бас шрифтпен теріледі. Оның астында, беттің ортасында автордың тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі. Аннотация және баяндаманың түйінді сөздері үш тілде ресімделеді: қазақ, орыс және ағылшын. Аннотация көлемі бос орынсыз 600 белгіден аспауы тиіс.

Конференцияның тезистері мен материалдары төмендегі сайтта жарияланады

www.al-farabi.kaznu.kz

Қатысушының тіркеу формасы

Аты, жөні (толық)

Ғыдыми дәрежесі, атағы

Мекеменің атакы (толық), міндеті

Телефон номері (WhatsApp)

E-mail

Баяндама тақырыбы

Секция атауы