Онлайн форматтағы «БҰҰ моделі» — ҚазҰУ

91ý

Онлайн форматтағы «БҰҰ моделі»

20 мамыр 2020
Онлайн форматтағы «БҰҰ моделі»

Алғаш рет «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы» халықаралық конференциясы онлайн форматта өтті. БҰҰ-ның құрылуының жне Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығынаарналған іс-шараныБҰҰ Ақпараттық бюросы мен Алматыдағы ҚР СІМөкілдігінің қолдауыменл-ФарабиатындағыҚазҰУ ұйымдастырды.

«БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы» – бұл түрлі елдердің дипломаттары ретінде БҰҰ жұмысын бейнелейтін студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін ауқымды халықаралық жоба. БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасын төртінші кезең қатарынан басқарып келе жатқан л-Фараби атындағы ҚазҰУ аталмыш шараны алғаш рет онлайн форматта өткізуде.

Жоба қазіргі заманның жаһандық мселелеріне жастардың назарын аударуға, лем туралы біртұтас көзқарас қалыптастыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға, мдениетаралық коммуникация мен диалог құру арқылы шиеленістерді еңсеру қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Бүкіллемдік ғаламдық конференцияға Азия, Африка, Америка жне Еуропадан 200-ден астам студенттер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, БҰҰ жне дипломатиялық орта өкілдері қатысты. Екі күн бойы жас спикерлер бітімгершілік пен адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын жүзеге асыру, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау, жаһандық экономиканы қалпына келтіру, сапалы онлайн білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету, пандемия кезінде леуметтік қолдау жне тағы басқа өзекті мселелерді талқылады.

«Биыл академиялық қоғамдастықтың зияткерлік леуетін заманауи лемнің мселелерін шешуге жұмылдыруға арналған БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының бастау алғанына 10 жыл толуда. БҰҰ күн тртібі мен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда жастарға маңызды рөл берілуде, бұл жаһандық пандемия кезінде ерекше өзекті», - деп атап өтті конференцияны аша отырып л-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры профессор М. Бүркітбаев.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мжілісінің депутаты Серік Сейдуманов БҰҰ моделінің заманауи жас көшбасшылары адамзат өркениетін сақтаудың жоғары идеясымен бірігіп өз елдерінің, жалпы бүкіл лемнің тұрақты дамуына ықпал ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар ол конференция қатысушыларын айтулы күнмен – БҰҰ-ның 75 жылдығымен құттықтап, оларға жемісті жұмыс тіледі.

Сонымен қатар, БҰҰ моделінің қатысушыларын онлайн режімде қарсы алғандардың қатарында: Біріккен Ұлттар Ұйымының ғаламдық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль, ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, сондай-ақ Алматыдағы ҚХР Бас консулы – Гэн Липин, АҚШ-тың – Эрик Мейер, Ресей Федерациясының – Евгений Бобров болды.