Онлайн форматтағы докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі — ҚазҰУ

91ý

Онлайн форматтағы докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі

27 мамыр 2020
Онлайн форматтағы докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі

27 мамыр 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жанындағы диссертациялық кеңес мәжілісінде «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бектұрғанова Мақпал Сәттіқұлқызының «Қазақстанның мұнай-газ секторында төменкөміртекті дамуға көшудің басымдықтары және экономикалық тетіктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтті.


Диссертация «ылым ордасы» кешені базасындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ылым комитеті Экономика институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында орындалған. Диссертациялық кеңес мәжілісінде 14 кеңес мүшесі қатысты, оның арасында шетелдік ғалым – Новосибирск мемлекеттік университеті мен Алтай мемлекеттік университетінің профессоры, э.ғ.д., PhD Дубина И.Н. да бар.


Бұл қорғаудың ерекшелігі – толықтай онлайн форматта өтуінде. Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты ҚазҰУ-да докторлық диссертациялардың қорғауы онлайн форматқа ауыстырылған болатын. Мұндай форматтағы диссертациялық кеңестің мәжілісі университетімізде екінші рет өткізіліп отыр.


*ҚазҰУ ЭжБЖМ жанындағы диссертациялық кеңес «6D050600 – Экономика», «6D051300 – Әлемдік экономика», «6D051700 – Инновациялық менеджмент», «6D090900 – Логистика», «6D051800 – Жобаларды басқару», «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтар тобы бойынша жұмыстарды қарастырады.