Нұртөре Жүсіп тікелей эфирде дәріс өткізді
2020 жылдың 7 шілдесіндеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі,Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты,Нұртөре Жүсіпинстаграм парақшасында (@journalism_kaznu)тікелей эфирде дәріс өткізді.Естеріңізге салакетсек,Нұртөре Жүсіп1990 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редакторы.2005жылдан- «ЕгеменҚазақстан»республикалықгазеті» АҚ бас директоры. 2007жылдан- «Астана хабары»газетініңбас редакторы. 2008жылданбері- «Айқын»газетініңбас редакторы «Құрмет»орденімен(2009),«ҚазақстанРеспубликасыныңтуелсіздігіне10жыл» (2001), «ҚазақстанКонституциясына10жыл» (2000)медальдарыменмарапатталған.ҚазақстанЖурналистеродағыныңБ.Бұлқышеватындағысыйлығының(1995), БАҚсаласындағыПрезиденттіксыйлықтың(1998), «Алтын Адам»сыйлығының(2000) лауреаты.
Тікелей эфирдеНұртөре ағамыз«Неге журнал, газет, кітап оқитын жастарымыз саусақпен санарлықтайаз, мұншалықты төмендеуіне не себеп?», «Журналист – қоғам мен адамды байланыстырушы күш. Сіз не себепті журналист болдыңыз?», «Қазақ журналистикасына не жетіспейді?» дегенжас тілшілердіңсұрақтарына жауап берді.
Болашақжурналисттерге кеңес беру үшінең алдыментілшінің қандай болуы керектігіне тоқталды:«Журналист- жүректі адамның ісіжәне бұл саланың маманы болуыүшін ой мен тіл парасаттылығы керек. Яғни, журналист ең алдымен сауатты және амбебап болуы тиіс.Оған қоса, әдебиет - ардың ісі болса,журналист болу да ардың ісі. Себебі журналист - адал, әділ болуы керек.Нағыз журналист- ұлтын сүйетін, ұлтты сүйе отырып,ұлтына қызмет ететін адам.Олар елімізде кандайжағдай орын алмасын, майданда жүрген жауынгерлер іспеттес!Абай атамыз айтқандай:«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ». Журналисттің бойында осы айтылған қасиеттердің барлығы болуы қажет» деп жастарға ақылынайтты.
Қорытындылай келе, Нұртөре Жүсіп болашақ тілшілерге ақ батасын беріп,«Шетелдікжурналистердіңжетіп жатқан жетістіктері бізді қамшылай түседі. Біздің болашағымыз сендерсіндер,яғни рухы өр, ойы еркін жастар»деген сөздерімен эфирін аяқтады.
Мұрат Қымбат,
Алматы қ. НЗМ мектебі түлегі