Талапкерлерді қабылдауға дайындық — ҚазҰУ

91ý

Талапкерлерді қабылдауға дайындық

29 шілде 2020
Талапкерлерді қабылдауға дайындық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылыми Кеңесінің отырысында білім алушыларды бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының бос лауазымына байқау өткізу тәртібі талқыланды.

Онлайн форматта өткен кездесу барысында оқу ісі жөніндегі проректор А.Хикметовтің, әкімшілік-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор Х.Малаевтың, сондай-ақ кадрлар және архивтер бөлімінің бастығы А.Мадиярованың баяндамалары тыңдалды.

ылыми Кеңес барысында бакалавриатқа қабылдау квотасын әзірлеп, оны ҚазҰУ қабылдау ережелеріне енгізіп, ақпаратты талапкерлердің назарына университет сайтында орналастыру шешілді. Сондай-ақ, бакалавриат деңгейіне қабылдау квотасы және шекті өту балы туралы ҚР жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшыларына ақпараттық хаттарды жолдау тапсырылды. Онлайн қабылдау емтихандарын техникалық қамтамасыз ету және докторантураға түсуге үміткерлерді онлайн тіркеу мәселелері қарастырылды. Тиісті қызметтерге тапсырмалар берілді.

А.Мадиярова оқытушы-профессорлар құрамы, факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы ақпарат берді. Коронавирустық инфекцияның таралуын және енгізілген карантиннің алдын-алу шараларын күшейтуге байланысты байқау екі кезеңде онлайн режимде өтеді: біріншісі – ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 4 шілдесі аралығында; екіншісі – 3-8 тамыз аралығында. Факультет декандарына конкурсқа қатысу үшін жоғары білікті кадрларды іріктеуді ұйымдастыру тапсырылды.