Білімге деген құштарлық шектеуге көнбейді — ҚазҰУ

91ý

Білімге деген құштарлық шектеуге көнбейді

28 қазан 2020
Білімге деген құштарлық шектеуге көнбейді

COVID-19 бүкіл әлемге көптеген шектеулер мен көңілсіздіктер әкелді, академиялық ұтқырлық жоспарларын түзету қажет болды, өйткені студенттерді шетелге оқуға жіберу тоқтатылды. Әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қиыр ШығыскафедрасыныңКорей бөлімі студенттері онлайн-курстардың арқасында Кореяның Сукмён университетінде оқуларын жалғастыруда.

Корея тілін жетілдіруге арналған грант жобасы 2020 жылдың қаңтарында басталды және біздің студенттердің Корея тарихы мен мәдениетін көбірек білуге ​​деген ұмтылысының арқасында бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл жоба Корея қорының (KF) және Сукмён қыздар университетінің (SMU) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда. УниверситеттіңIEQAS (Халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі) сертификаты бар, ол халықаралық білім беру мекемесінің мәртебесін растайды. Онлайн-курстар Сукмён университетінің бағдарламасы бойынша әзірленеді,осыуниверситеттің профессорлары видео дәрістер оқиды. Оқытушылар құрамына корей лингвистикамамандандығы бойыншамагистрлар мен PhD докторлар кіреді.

Бұл курс аптасына 3 сағаттан тұратын 15 академиялық аптаға арналған. Оқу бағдарламалары мұқият ойластырылған, сондықтан оларды басынан аяғына дейін толықтай орындау ұсынылады. «Шетелдіктергеарналғанкорей тілі (1 деңгей)» онлайн курсы дүйсенбікүні, «шетелдіктергеарналғанкорей тілі (3 деңгей)» және «шетелдіктергеарналғанкорей тілі (6 деңгей)» курстары сейсенбікүніөтеді. Онлайн курстарға корей бөлімінің 1, 2 және 3 курстарының 50-ден астам студенттері қатысады. Курстар аяқталғаннан кейін бұл пәндер студенттердің транскриптіне енгізіледі.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Пак Т.Н.