Қазақстандағы Тәжікстанның Бас консулы Шығыстану факультетінде — ҚазҰУ

91ý

Қазақстандағы Тәжікстанның Бас консулы Шығыстану факультетінде

29 қазан 2020
Қазақстандағы Тәжікстанның Бас консулы Шығыстану факультетінде

2020 жылдың 21 қазан күніҚазақстандағыТәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир Шығыстану факультетіне келіп, факультет деканы Ықтияр Палтөремен кездесті.

Кездесу кезінде факультеттегі «Тәжік тілі мен мәдениеті» орталығының аясында іс-шаралар өткізу мәселелері сөз болды. Тәжік тілін үйретудің онлайн курсын және тәжік тілінің бастапқы деңгейі бойынша видеосабақтар түсіру жұмыстарынұйымдастыру талқыланды. Тәжікстанның Бас консулы қазіргі заманға сай орталықтың әлеуметтік желіде Facebookпарақшасы ашылса, өз тарапынан талдау жасайтындығын жеткізді.

Кездесу соңында екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайтуда, халықтың мәдениетін жақындастыруда, білім-ғылым саласында ынтымақтастықты арттыруда өзіндік үлесі болатындығына сенім артылды.