«Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» халықаралық экономикалық форумы — ҚазҰУ

91ý

«Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» халықаралық экономикалық форумы

3 қараша 2020
«Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» халықаралық экономикалық форумы

2020 жылдың 26-27 қарашасында «Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» экономикалық форумы аясында «Экономика және білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында онлайн-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

  • Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институты (Барнаул қ., Ресей);
  • әл-Фараби атандағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
  • Қазақстан-Неміс университетінің инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
  • И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің Экономика және бизнес орталығы мен экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы (Орел қ., Ресей).

Форумға қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 18 қарашасына дейін жүзеге асырылады ().

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған.