Отандық және әлемдік психологияның жай-күйі және даму перспективалары
Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы –көрнекті қазақтың, Қазақстанның психологы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол психология-педагогика ғылымдары саласында қазақстандық ғалымдардың тұтас ұрпағын тәрбиеледі.
Конференцияға 130-дан астам адам қатысты. Бұл Қазақстан, Ресей, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары, психологтары, оқытушылары, студенттері мен магистранттары.
Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессорМасалимова Әлия Рымғазықызы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторыЖарықбаев Құбығұл Бозайұлы; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторыБратусьБорис Сергеевич(Ресей, Мәскеу қ.) құттықтау сөз сөйледі
Әр елден келген ғалымдардың баяндамалары тыңдалды:
1. Гарбер Алена Ильиничина,Лейпциг университетінің профессоры, PhD (Германия).Баяндама тақырыбы:Қазақстандағы стресстік зерттеулерге шолу: бүгіні мен болашағы.
2. Бендас Татьяна Владимировна,психология ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Санкт-Петербург қ.).Баяндама тақырыбы:Көшбасшылық психологиясының гендерлік және кросс-мәдени мәселелері.
3. Джумагельдинов Асқар Нүркенұлы,Лион католиктік университетінің профессоры, PhD (Франция).Баяндама тақырыбы:Әлемдік ғылым контекстіндегі қазақстандық психология: Франциядан көзқарас.
4. Мен Чен Чунг,Гонконг Қытай университетінің профессоры, психология ғылымдары бойынша PhD (Шеффилд университеті, Ұлыбритания) философия докторы (Дюркгейм университеті, Ұлыбритания). Британдық психологиялық қоғамның мүшесі, практик-психолог және ғалым.Баяндама тақырыбы:Посттравматикалық стресстің сотталушылар арасындағы ашуға және онымен байланысты психикалық бұзылуларға ықпалы: психикалық дисрегуляцияның және ажыратылған диссоциацияның рөлі.
С.М. Жақыповтың студенттері мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті, керемет Дос, Ұстаз және Ғалымның шығармашылық және кәсіби жолы туралы баяндады.






