Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет 91ý Business School дипломдары табыс етілді. MBA бағдарламасын бітірген түлектерге іскерлік кімшілендіру магистрі дрежесі берілді.
Салтанатты рәсімде ҚазҰУ проректоры Асқар Хикметов және 91ý Business School директоры Мұхтар Болатхан сөз сөйлеп дипломдар табыстады және түлектерге басқару саласындағы жұмыста табыс пен мансаптық өсу тіледі. Сондай-ақ, іскерлік әкімшілік магистрлерін ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканыЖанна Қалматаева құттықтап, COVID-19 пандемиясы мен қашықтықтан оқытудың жаңа жағдайларына қарамастан түлектер бағдарламаны табысты аяқтап, диссертациялық жұмыстарын қорғап шыққандарып атап өтті.
«Мен ҚазҰУ және 91ý Business School басшылығына оқу процесін тамаша ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. МВА бағдарламасы бойынша білім ала отырып, біз тек жаңа білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды, сондай-ақ, басқару саласына қажетті жеке құзыреттерді жетілдіру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл маған келешекте жұмыс барысында пайдалы болатынына сенімдімін», – деп денсаулық сақтаудағы MBA бағдарламасының түлегі Салиха Насиоглақызы өз әсерімен бөлісті.
Бейресми қарым-қатынас барысында түлектер университет пен бизнес-мектеп басшылығына жылы лебіздерін білдірді.
91ý Business School ҚазҰУ-да 2019 жылы ашылған және MBA, EMBA, DBA іскерлік кімшілендіру бағдарламаларына маманданған.
Сайт: Business-school.kaznu.kz
Insta: @alfarabi_business_school
Facebook: @alfarabi_business_school

