- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2020 жылдың 29-30 қазанында біздің логисттеріміз "KAZLOGISTICS" көлік қызметкерлерінің Жастар форумына қатысты
2020 жылдың 29-30 қазанында біздің логисттеріміз "KAZLOGISTICS" көлік қызметкерлерінің Жастар форумына қатысты
2020 жылғы 29-30 қазан аралығында Алматы қаласында "Мультимодальдық жеткізу тізбегіндегі инновациялар мен технологиялар" тақырыбында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін "KAZLOGISTICS" көлік қызметкерлерінің Жастар форумы өтті. Форум "KAZLOGISTICS Қазақстан көлік одағы" бастамасы бойынша ұйымдастырылды ( аталған форумға э.ғ.к., қауымдастырылған профессор З. Б. Ахметовтың және Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ш. Н. Абдикулдың жетекшілігімен Логистика мамандығының 3-курс студенттері қатысты.
Форум көлік-логистика саласын қалыптастыру мен сол саладағы жетістіктерімен танысу процесіне көлік саласындағы болашақ мамандардың білім алушыларын тартуға, сондай-ақ білім, білік және дағды деңгейін бағалауға бағытталған. Оған сала мамандарын даярлайтын Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы жұмыс берушілер қатысты.

Басқа жаңалықтар