91ý Science Talks — ҚазҰУ

91ý

91ý Science Talks

16 қараша 2020
91ý Science Talks

«91ý Science Talks» вебинарына белгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен фарабитанушылар қатысады. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында өтетін жоба аясында «Әбу Насыр әл-Фараби – өркениет философы», «Қазақстандық ғылым: бағзыдан бүгінгі заманға дейін», «Мәдениетаралық диалог және өзара түсіністік», «Этика, борыш және жауапкершілік», «ылым тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері ретінде», «Гуманизм және тұлғаны құрметтеу», «ылым, жоғары технологиялар және Индустрия 4.0» тақырыптарына арналған вебинарлар сериясы өтеді.

Жоба 2020 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) «Әбу Насыр әл-Фараби – өркениет философы» халықаралық онлайн вебинарының ашылуымен басталады. Кездесуге Францияның танымал әдебиеттанушысы профессор Альберт Фишлер және ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ ылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкері Наталья Сейтахметова қатысады. Онлайн іс-шараның модераторы ретінде ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Әлия Масалимова сөз сөйлейді.

«91ý Science Talks» онлайн іс-шаралары ZOOM платформасында өтеді: идентификаторы – 85857650441, құпия саны – 206439.

Онлайн трансляция «Facebook» әлеуметтік желісінде –@alfarabicenter2020, Instagram – @farabicenter2020 және 91ý Center YouTube арнасында жүргізіледі.

www.kaznu.kz