Швейцария елімен өзара ынтымақтастық — ҚазҰУ

91ý

Швейцария елімен өзара ынтымақтастық

3 наурыз 2021
Швейцария елімен өзара ынтымақтастық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Швейцариялық экономика жне басқару қолданбалы ғылымдар мектебі (Swiss-Sasem) арасында қос дипломды білім беруді дамыту перспективаларын айқындаған ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн қол қою рсімі өтті.

Стратегиялық құжатқа «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарматөрағасы – ректор Жансейт Түймебаев, Швейцариялық экономика жне басқару қолданбалы ғылымдар мектебінің (Swiss-Sasem) ректоры Доминик Джордан жне Swiss-Sasem Швейцариялық бизнес мектебінің президенті Мейром Ескендіртегі қол қойды.

Қонақтарды қарсы алған ректор Жансейт Түймебаев оларға өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіргендері үшін алғыс айтып, Швейцария ртүрлі салаларда, соның ішінде ғылым мен білім саласындағы жобаларды белсенді түрде дамытып келе жатқан Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Швейцариялық экономика жне басқару қолданбалы ғылымдар мектебі арасындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде. Біз сіздердің мамандар даярлаудағы тжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру жне жоғары білікті оқытушылар мен сарапшыларды оқыту үдерісіне тарту университетті дамытуға жне қос дипломды білім беру бағдарламаларына жаңа серпін беретініне мен сенімдімін», – деді Ж.Түймебаев.

Кездесу барысында адами капиталды дамыту жне жаңа формация менеджерлерін даярлау мселелеріне баса назар аударылды.Өзкезегінде Швейцариялық экономика жне басқару қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан, ҚазҰУ басшылығы мен ұжымына осындай кездесу ұйымдастырғанына ризашылығын білдіріп, Swiss-SASEM жоғары мектебінің қызметі мен жоспарлары туралы баяндап берді. «Қазақстанның, Орталық Азия мен лемнің жетекші университеттерінің бірі, бүгінде құрметті ректор, профессор Жансейт Түймебаев басқарып отырған л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен MBA жне DBA бағдарламалары бойынша Қазақстанда қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыру, біз үшін үлкен мртебе. Біздің мақсатымыз – адамдарға XXI ғасырдың барлық мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы жетістіктерге қол жеткізуге жол ашу. Менің ойымша, білім - қоғамды жақсартудың ең маңызды құралы болып саналады», – деді Доминик Джордан.

Келіссөз барысында тараптар қол қойылған меморандум ртүрлі салалар мен қызмет көрсету орындарында жұмыс істейтін тжірибелі-мамандар мен басшылардың ксіби өсуі мен дамуына кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

ҚазҰУ-дың Экономика жне бизнес жоғары мектебі базасында ашылған л-Фарабидің Бизнес Мектебі МВА жне DBA білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады жне осы бағытта қызмет көрсетудің университеттегі негізгі көшбасшысы болып саналады. Мектептің барлық бағдарламалары басқару саласы мамандарын даярлау мен біліктілігін арттыруға бағытталған. Екі жыл ішінде бизнес-мектеп көптеген шетелдік университеттермен өзара серіктестік меморандумына қол қойды жне денсаулық сақтау саласында 36 МВА магистрі мен 33 МВА магистрін дайындап шығарды.