Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденцияларыFarabi University

91ý

Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары

9 наурыз 2021
Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары

Конференцияға қатысушылар қазіргі психология-педагогика білімінің өзекті мәселелері мен Қазақстандағы психологиялық білім сұрақтарын, жас қазақстандықтардың ұлттық біркелкіліктеріндегі этнопедагогика мен этнопсихологияның рөлін талқылады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін Т.Т.Тәжібаев идеялары контекстінде талқылау және олардың шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер,магистранттар, докторанттар және қызығушылық танытушы тұлғалар арасында ғылыми теориялық және тәжірибелік білімдерді тарату.