ҚазҰУ жаһандық рейтингін көтеруге мүдделі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келгенРесей, Шығыс Еуропа жне Орталық Азия елдері бойыншаQS аймақтық директоры Сергей ХристолюбовБасқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевпенкездесіп,алдағы уақыттағы ынтымақтастық бағыттарды талқылады.
Кездесу барысында ректор Ж.Түймебаев университетті жоғары деңгейге көтеруге бағытталған ЖОО-ның қызметі туралы айтып, жаңа жоспарларымен бөлісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2009 жылы міндеттеген әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде екі қазақстандық ЖОО-ның кіруі туралы тапсырмасын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіабыроймен орындап, 2020 жылы университет QS жаһандық рейтингісінде үздік топ-200 қатарына кірді.«ҚазҰУ QS рейтингінде едәуір ілгері жылжыды, өткен жылы 165 орынды иеленуі –университеттіңбәсекеге қабілеттілігі жоғарыекендігініңдәлелді көрсеткіші, демек бұл шетелдік студенттер мен профессорларды, жергілікті талапкерлерді, сондай-ақ сенімді әріптес ретінде шетелдік жоғары оқу орындарын тартуға ықпал етеді», - деді ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.
Ресей, Шығыс Еуропа жне Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов өз кезегінде, ҚазҰУ-інің пәндік рейтингте 13 дайындық бағыты бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болғанын жне бұл университеттің танымалдығын арттыруға бірден бір ықпал ететін нәтижелер екенін атап айтты.

«Ғаламдық жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды даму үлгісін көрсете отырып, университет 9 жыл ішінде шамамен 500 орынға алға жылжығаны бізді қуантады. Соңғы жаңалық, ағымдағы жылдың4наурызында әлемнің 1200-ден астам университеттерінпәндікбағыттарбойынша сарапталған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелерін шығарды. Онда ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерінедәуіржақсартып,пәндік рейтингтегіпозициясын нығайтты. Өткен жылмен салыстырғанда университет «Өнер жне гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар жне менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріліп, оң нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық университеттер арасында жетекші орынды иеленетін,ҚазҰУ 13пәндік бағыт бойыншаөз оқу бағдарламаларының басымдығын көрсетті.Жақын арада біз QS Stars нәтижелерін жариялайтын боламыз. Аталған рейтингте де ҚазҰУөзкөшбасшылығын дәлелдеп, алғашқылардың қатарынан көрінеді деп сенемін», - деді Сергей Христолюбов.
Кездесу барысында QS аймақтық директорыСергей Христолюбов, қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ғылымға баса мән беру қажеттігін айтып, еліміздегі университеттердің әр саладағы жетістіктері мен нәтижелеріне тоқталды жнеәртүрлі бағыттар бойыншаQSжүргізгенрейтингтік бағалаумен сараптамалықмәліметтермендебөлісті. QS World University Ranking by Subject рейтингінің әдістемесі төрт негізгі көрсеткішке негізделген: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалаларға сілтеме жне Хирш индексі. Сонымен қатар рейтингке кіретін сапалы көрсеткіштерге: түлектердің сұранысқа ие болуына, дайындығына, бәсекеге қабілеттілігі мен беделіне, ұлттық жне әлемдік танымалдылығына, университеттің ғылыми мектептері (іргеліжне қолданбалы)менғылыми бағыттарға даерекше назар аударылады.

Жұмыс сапары аясындаQSөкілі сондай-ақ, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қызметкерлерімен кездесіп,Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі бойыншамазмұндыбаяндама жасады.
Басқа жаңалықтар