Мастер-класс «Экологиялық қауіпсіздік-Қазақстанның басымдығы»
8 сәуір 2021
«Фараби Әлемі» Халықаралық конференция аясында «Экология және адам тіршілік қауіпсіздігі» секциясы бойынша 2021 жылдың 08 сәуірінде сағат 11.00-де Мастер-класс өтті.
Іс-шараның спикері «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС директорының орынбасары Аскаров Сейлхан Акказинович «Экологиялық қауіпсіздік-Қазақстанның басымдығы» тақырыбында баяндама жасады. Айта кетсек, 2020 жылы "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының филиалын ашты.
Мастер-класқа студенттер, магистранттар, жас ғалымдар мен профессорлар белсенді қатысты.
Сілтемесі: