«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» — ҚазҰУ

91ý

«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ»

9 сәуір 2021
«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ»

2021жылдың 15-сәуірінде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е.Шаймерденов атындағы аудиториядаҚазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының60 жасқа толған мерейтойына арналған«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

«Ұлттық фотоөнер: тарихы және дамуы»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығына арналған кітап және фотокөрмесі ұйымдастырылады. Конференцияға Асылхан Әдірайымұлының әріптестері, шәкірттері, фото-журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

Асылхан Әбдірайымұлы1960 жылы 15 маусымда Түркістан қаласында дүниеге келген.Әр жылдары еліміздің белді басылымдарында қызмет еткен.

2010 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті жанынан «Фотопублицистер клубын» құрып, одан соң қоғамдық ұйым ретінде тіркелген«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2010 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде ұстаздық етеді.

Марапаттары:

2006ж.Қазақстан Журналистер Одағысыйлығының лауреаты.

2007ж.ҚР Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері.

2018ж. БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында алғаш рет өткен «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты Халақаралық фотокөрмеде үздік фото туындылары көрсетілгені үшін, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы табыстаған сертификат иегері.

Еңбектері:

  • «ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. 2013 ж.
  • «ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ» фотоальбом құрастырушысы, «Өнер» баспасы. 2013 ж.
  • «ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» Оқу құралы. 2 басылымы. «Қазақ университеті» баспасы. 2016
  • «ҒАСЫРДЫҢ КӨЗІ» фотокітап-альбом. Құрастырушы, «Мереке» баспасы. 2017 ж.
  • «ҚАЗАҚ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ»,«КАЗАХСКИЕ ФОТОЛЕТОПИСЦЫ»Фотоэнциклопедия. Құрастырушы-автор, «Қазақ университеті» баспасы. 2018 ж.
  • «ФОТО ІСІ», «ФОТОДЕЛО» қазақ және орыс тіліндегі оқу құралы, ҚР Білім және ғылым министрінің «ТаIap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. 2020 ж.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева

тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

ылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі

кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова,

тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377

Код : 4E4CM3