Әлемдегі пандемиядан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары және трансформациялануы — ҚазҰУ

91ý

Әлемдегі пандемиядан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары және трансформациялануы

11 сәуір 2021
Әлемдегі пандемиядан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары және трансформациялануы

6-8 сәуір аралығында 2021 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Экономика кафедрасы бірінші секциясы мәжілісі: «Әлемдегі пандемиядан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары және трансформациялануы» тақырыбында өтті.

Бірінші секция бойынша 52 мақала тапсырылып, оның ішінде 37 қатысушылардың «Экономика», «Есеп және аудит» мамандықтарынан студенттердің – 32, магистранттардың - 5, баяндамалары тыңдалды. Үздік баяндама жасаған студент, магистрант және I, II, III дәрежелі дипломдар мен номинациялар берілді:

  • I дәрежелі дипломмен – Исәлімбай Н.М. Пандемия жағдайында Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану мәселелері- ғылыми жетекші Кондыбаева С.К.
  • II дәрежелі дипломмен – Кенесбаева Ж.А. Пандемия жағдайындағы бизнесті цифрландыру мәселелері. ғылыми жетекші Кулиев И.У.
  • II дәрежелі дипломмен – Ақатқызы А. Пандемиядан кейінгі Қазақстан Республикасының туризм саласынның әлеуметтік-экономикалық түрленуі және трансформациясы - ғылыми жетекші Даулиева Г.Р.
  • III дәрежелі дипломмен – Төлеген Ақерке Қазақстан экономикасының пандемия кезіндегі өзгерісі - ғылыми жетекші Есенгельдиева Г.Т.
  • III дәрежелі дипломмен – Исахан Ә. «Labor migration in the central Аsian countries» - ғылыми жетекші Темербулатова Ж.С.
  • III дәрежелі дипломмен – Байбула Д. «Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындарында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау. - ғылыми жетекші Бектурганова М.С.

Сонымен қатар, 7 номинация бойынша келесілер марапатталды:

  1. Зерттеу тақырыбының қолданбалылығы үшін – Ургенішбай А. «Цифрландыру процесі» - ғылыми жетекші Болуспаев Ш.А.
  2. Инновациялық көзқарасы үшін – Изетуллаева Ж. Пандемия кезіндегі кәсіпорынға сыртқы орта әсерінің маңызы және әсері» - ғылыми жетекші Бектурганова М.С.
  3. Ең үздік баяндама үшін – Адилова С.Д. Еңбек нарығына және әлеуметтік-экономикаға COVID-19 әсер етуі. 2020 жылдың бірінші жартысындағы кеңістік - ғылыми жетекші Айтбембетова А.Б.
  4. Зерттеу тақырыбының өзектілігі үшін – Басымбек О.Қ. Пандемия жағдайында Қазақстан Республикасының еңбек нарығының трансформациясы мен түрленуі: жұмыссыздық және экономикалық дағдарыстан шығу жолдары - ғылыми жетекші Даулиева Г.Р.
  5. Шығармашылық бейімі үшін – Жолдыбай Ж. Д. Пандемия жағдайындағы шағын және орта бизнестің дамуы және оның ел экономикасына әсері- ғылыми жетекші - Тураров Д.Р.
  6. Жоғары зерттеу деңгейі үшін – Алик Г.Н. Жаһандық пандемияның Қазақстанның еңбек нарығына әсері . Научный руководитель: Есенгельдиева Г.Т.
  7. Зерттеу тақырыбының ауқымдылығы үшін – Омарова Балжан. Жаһандық экономикалық күйзеліс: өзгерген әлем. ғылыми жетекші Есенгельдиева Г.Т.