ФАРАБИ ӘЛЕМІ» Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы — ҚазҰУ

91ý

ФАРАБИ ӘЛЕМІ» Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы

13 сәуір 2021
ФАРАБИ ӘЛЕМІ»  Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы

2021 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық конференциясы өтті. Бағдарлама бойынша география және табиғатты пайдалану факультетінде барлығы 5 секциясы жұмыс істеді.Соның ішінде «Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі» секциясының жұмысына барлығы 23 студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;

4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

конкурстық комиссиясы студенттердің жұмысымен танысып және баяндамаларын тыңдап, келесі студенттерді марапаттауға шешім қабылдады:

«Экология» және «Адам тірішілігінің қауіпсіздігі» бөлімдерінің конкурстық комиссиясы студенттердің жұмысымен танысып және баяндамаларын тыңдап, келесі студенттерді марапаттауға шешім қабылдады:

1-Орын

  1. Шекербекова Жанбота Сейілбекқызы Қазақстан Республикасындағы полимерлік материал қалдықтарының қазіргі жай-күйін және оларды қайта өңделуін зерттеу. ылыми жетекші: Хазимов М.Ж.

2-Орын

1. Асқар Шынар Талғатқызы Кәсіпорынның атмосфералық ауасының құрамын зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларының кешенін жасау. ылыми жетекші х.ғ.к., доцент Торегожина Ж.Р.

2. Сламқұл Индира Сапарғалиқызы Фосфат өндірісіндегі газды қалдықтарды зерттеу нәтижесі бойынша қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру ылыми жетекші: т.ғ.қ, қауымдастырылған профессор Қожахан А.

3-орын

1. Токпаев Зуфар Ришатович.Потенциал митигации изменения климата в категории возделываемых земель Казахстана.ылыми жетекші: г.ғ.к.,доцент Чередниченко А.В.

2. Пазылов Шыңғысхан Фаизулы Қатты қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері ылыми жетекш:і т.ғ.қ, қауымдастырылған профессор Қожахан А.К

3. Болат Айгерім Нұрланқызы Қазақстан Республикасы аумақтарының атмосфералық ауасынының ластануы. ылыми жетекші: доцент Абдибаттаева М.М.

Сонымен бірге, конференция аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

07 Сәуір 2021 ж. «Қазақстанның экологиялық мәселелері» семинары. Баяндамашы: т.ғ.к., доцент Сафарғалиев А.Е.

07 Сәуір 2021 ж. «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту» атты тақырыбында онлайн-кездесу. Баяндамашы: PhD, доцент м.а. Павленко В.В.

08 Сәуір 2021ж. Мастер-класс «Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстанның басымдығы». Баяндамашы: "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС директорының орынбасары Асқаров С.А.

Жалпы, онлайн-конференция өте жоғары деңгейде өтті.

«Экология» бөлімі бойынша видеожазба сілтемесі:

«Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» бөлімі бойынша видеожазба сілтемесі: