Канаданың Халықаралық жетістіктерді зерттеу комитеті мен Шығыс Еуропа және Азия аймақтық орталығы (International Achievements Research Center) өткізген «Жыл университеті – 2021» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеңімпаз деп танылды. Байқау директоры доктор Майкл Финнен жолдаған хатқа сәйкес, ҚазҰУбілім мен ғылымдағы үздік жетістіктері үшін «Басқару және көшбасшылық» аталымы бойынша халықаралық сертификатқа ие болды.
ЖеңімпаздарБАҚ пен интернет-дереккөздерін зерттеу және тұрақты мониторинг, контент-талдау жасау негізінде сарапталады. Сондай-ақ университеттердегі, ғылыми және білім беру орталықтарындағы әріптестердің, тәуелсіз ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың ұсыныстары ескеріледі.
Халықаралық конкурс жоғары оқу орындарының жетістіктерін әлемдік қоғамдастыққа көрсету мен насихаттауға мүмкіндік береді.
ҚазҰУ алғаш рет бақ сынап, жоғары академиялық бәсекеге қабілеттілік, университеттің тартымдылығы, жаһандық білім беру кеңістігіндегі стратегиялық серіктестікті нығайту талаптары бойынша жарқын нәтиже көрсетті.
Байқау қорытындысымен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі